Жемқорлық • Кеше

Полицейлер шетінен парамен ұсталып жатыр

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осыдан біраз уақыт бұрын Шымкент қаласы Полиция департаментіне қарасты Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының бастығы парамен ұсталды деген ақпарат тараған болатын. Жуырда  Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын ресми түрде растады, деп жазады Egemen.kz.

Полицейлер шетінен парамен ұсталып жатыр

Деректерге сүйенсек күдіктіге 20 миллион теңге пара алды деген айып тағылып отыр. Адвокаттардың айтуынша күдікті өзін кінәлі емеспін деп санайды.  

Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының басшысы 28 желтоқсанда ұсталған болатын. Әзірге тергеу амалдары жүріп жатыр. Бірақ бір айта кетерлігі соңғы бір-екі жылдың көлемінде Шымкентте жоғары лауазымды тәртіп сақшыларының ұсталуы жиілеп кетті.

 Ұлттық қауіпсіздік комитеті жемқорлыққа оқталған 895 адамды ұстады

Мәселен былтыр тамызда Тұран аудандық полиция басқармасының бастығы мен оның қарамағындағы жедел бөлім қызметкері құрықталған еді. Олар қылмыстық істі оң шешіп беру үшін пара алды деген күдікпен ұсталған. Жалпы мұндай лауазымдағы полицейдің парамен тұтқындалуы шаһар тарихында бірінші рет болған оқиға деп сол кезде кәдімгідей сөз болған. Енді арада төрт ай өткенде, тағы бір ауданның бас полицейі пара алды деген күдікпен қолына кісен салынды.

 Білім жүйесінде жемқорлыққа жол жоқ

 2024 жылы да Шымкент қалалық Полиция департаментінде ірі лауазымды полицейлер сыбайлас қылмысқа барды деген күдікпен қамалған. Көп ұзамай департамент бастығы, генерал Думан Таев отставкіге кетті. Оның орнын Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков басты. Бірақ бәрібір де жоғары шенді мегаполис полицейлері арасында жемқорлыққа қатысты қылмыс тыйылмай тұр.

 Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 77 мектеп салынды

Соңғы жаңалықтар

Желіден жалыға бастады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:22

Мәртебелі мысық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:20

Ең қымбат қуаныш

Қоғам • Бүгін, 09:17

Достықты дәріптеген мюзикл

Театр • Бүгін, 09:15