Сурет: syr-media.kz
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірде Мемлекет басшысының, Үкіметтің ерекше қолдауымен жүзеге асқан ауқымды жобалар мен тың бастамалар туралы айтып өтті. Облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов пен «Orda school» мектебінің құрылтайшысы Мұрат Бақтиярұлы меморандумға қол қойды.
Кейінгі жылдары бюджеттің басым бөлігі әлеуметтік салаға, оның ішінде білімге бағытталып отыр. Кейінгі 3 жылда салаға 812 млрд 245 млн теңге, ал биыл 346 млрд 800 млн теңге жұмсалыпты. Өңірде «Orda school» жекеменшік мектептерінің желісі 4-ке жетті. Сабалақ саяжайындағы 400 орындық білім ошағының құны 520 млн теңге.
«Біздің ең бірінші міндетіміз – балаларымыздың жан-жақты, сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасап, жайлы орта қалыптастыру», деді аймағымызда алғашқылардың бірі болып, тәуекелге бел буып, қаржысын білім саласына салған Мұрат Бақтиярұлы.
«Orda school-2» жеке мектебі орын тепкен «Сабалақ» саяжайы аумағы жыл сайын кеңейіп, халық саны артып келеді. Тәуекелге барып, осы аумақтан алғаш мектеп ашқан құрылтайшы 336 оқушыны тегін оқытып келді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында осыдан 2 жыл бұрын ашылған жекеменшік білім ошағы «Orda school-2» енді №297 орта мектеп болып қайта құрылып, мемлекеттік мекеме ретінде жұмысын жалғастырады. Жас өрендеріміздің игілігі жолында жасаған батыл қадамы үшін Сыр жұртшылығы атынан Мұрат Бақтиярұлына алғысымызды білдіреміз. Бәсекеге қабілетті, заманның жаңа шақыртуларына дайын, озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы бастамаларыңызға сәттілік тілеймін», деді өңір басшысы.
Бұған дейін саяжайдан қаладағы мектептерге қатынап оқуға мәжбүр болған 326 оқушының мәселесі толық шешімін табады.
Басқосуда «Ұлағат» мектебінің құрылтайшысы Қалқазбек Әжібеков, «Зерде» мектебінің құрылтайшысы Сейітқали Алшынбаевтар сөз сөйлеп, жаңа бастамаға сәттілік тіледі.
Қызылорда