Аймақтар • 14 Қаңтар, 2026

Қарағандыда балалардан 10 млн теңге ақша бопсалағандар ұсталды

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандылық полицейлер балаларға арналған мекеме тәрбиеленушілерінен ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда балалардан 10 млн теңге ақша бопсалағандар ұсталды

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер соңғы алты айда алдау, қорқыту және күш қолдану арқылы әлеуметтік осал санаттағы бірнеше жәбірленушіден 10 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген. Оларды арнайы шоттардан ақша шешуге, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарында несие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жұртты қорқытып, ақша бопсалаған

Жедел іс-шаралар барысында өңірдегі балаларға арналған мекемелердің бірінің тәрбиеленушілері қылмыскерлердің құрбаны болғаны анықталды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктілерден автоматты атыс қаруына арналған оқжатарлар және жүзден астам оқ-дәрі тәркіленді.

Шетелдіктерден ақша бопсалаған қылмыстық топ қолға түсті

Аталған дерек бойынша бопсалау белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Барлық күдікті ұсталды. Оларға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Полиция олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

8 жастағы қызды ұрып-соққан: Жамбыл облысында буллинг пен бопсалау азаймай тұр

Соңғы жаңалықтар