Ауа райы • 14 Қаңтар, 2026

Атырау мектептерінде ертең сабақ онлайн форматта өтеді

1 мин
оқу үшін

Мұнайлы шаһардағы мектептердің оқушылары 15 қаңтарда сабақты қашықтан оқитын болды. Бұған ауа-райының нашарлауы себеп болып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Атырау мектептерінде ертең сабақ онлайн форматта өтеді

«Атырау қаласында қолайсыз ауа-райына байланысты 71 мектептің 0-11-сынып оқушылары бір күн онлайн форматта білім алады. Мектепке дейінгі білім беру мекемелері әдеттегі режимде жұмыс істейді. Ата-аналарға балалардың денсаулығы мен жолдағы қауіпсіздік талаптарын ескеріп, жағдайға байланысты шешім қабылдау ұсынылады», деп хабарлады қалалық білім бөлімі.

Айта кетейік, 14 қаңтар күні де оқушылар онлайн оқыды.

Соңғы жаңалықтар

Болған ана шапаны

Руханият • Кеше