Әлем • 15 Қаңтар, 2026

Астронавт ауырып қалған: Ғарыш кемесі кері қайтарылды

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл – Халықаралық ғарыш станциясы (ХҒС) тарихында алғаш рет болған жағдай. Florida Today хабарлауынша, бүгін, 15 қаңтарда, Қазақстан уақытымен сағат 13:41-де Crew Dragon ғарыш кемесі Crew-11 миссиясының 4 мүшесімен бірге Флорида жағалауына жақын Атлант мұхитына сәтті қонған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астронавт ауырып қалған: Ғарыш кемесі кері қайтарылды

Фото: Depositphotos.com

Бұл – ХҒС тарихында медициналық себептермен бүкіл экипаждың мерзімінен бұрын Жерге қайтарылған алғашқы жағдайы. Медициналық құпияны сақтау мақсатында аты-жөні жарияланбаған астронавттардың бірі өткен аптада (7-8 қаңтарда) өзін қатты жайсыз сезінген. Жердегі мамандармен кеңескеннен кейін NASA Crew-12 ауысымын күтпей, 4 астронавтты шұғыл түрде кері қайтару туралы бұрын-соңды болмаған шешім қабылдады.

Экипаж құрамында:

  • NASA астронавты, экипаж командирі әрі ХҒС командирі міндетін атқарған Майк Финк,
  • NASA астронавты Зена Кардман,
  • Жапонияның аэроғарыш агенттігінің астронавты Кимия Юи,
  • «Роскосмос» ғарышкері Олег Платонов болды.

Байқоңыр ғарыш айлағына «Союз-5» зымыраны әкелінді

Олар 2025 жылдың тамыз айында Канаверал мүйісінен ұшырылып, станцияда 6 айдан 8 айға дейін жұмыс істеуі тиіс еді. NASA өкілдерінің айтуынша, экипаж ғылыми бағдарламаның басым бөлігін орындап үлгерген, жоспарлы оралуына небәрі бірнеше апта ғана қалған.

«Біз мұндай жағдайларды ондаған рет пысықтаймыз. Сондықтан бәрі дәл әрі үйлесімді өтті. Америкалықтар мен ғарыш әуесқойлары алаңдамаса болады – NASA осындай сын-қатерлерге дайын», деді басқарма басшысы Джаред Айзекман.

Ғарышты әнімен тербеген

Майк Финк Жерге мерзімінен бұрын оралу туралы шешімнің оңай болмағанын, бұл шешім екіұдай сезім қалдырғанын мойындады. Дегенмен ол бұл қадамның қажетті әрі дұрыс болғанын атап өтті. Жерге қайтпас бұрын ол ХҒС басқаруын ресейлік ғарышкер Сергей Кудь-Сверчковқа тапсырды.

Crew Dragon ғарыш кемесі алғашқы орбиталық рейсін жасады

Соңғы жаңалықтар