Саясат • 16 Қаңтар, 2026

Жаңа Парламент: Ұсыныстар жан-жақты зерделенеді

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада Мемле­кет­тік кеңесші Ерлан Қариннің төраға­лығымен Парламент­тік реформа жөніндегі жұмыс тобының бесін­ші отырысы өтті.

Жаңа Парламент: Ұсыныстар жан-жақты зерделенеді

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Жиында Парламента­ризм институтының директоры Наталья Пан азаматтардан, сарапшылардан және қоғам белсенділерінен келіп түскен ұсыныстар жөнін­дегі аралық ақпаратпен бө­ліс­ті. Былтыр қазан айы­нан бері e-Otinish және eGov платформаларындағы «Пар­ламенттік реформа» ар­­найы бөлімі арқылы халық ара­сынан, сарапшылар қауым­дастығынан және қоғамдық бірлестіктерден 600-ге жуық ұсыныс жинақтал­ған. Атап айтқанда, «Байтақ» партиясы, «Жаңару» сыбайлас жем­қорлыққа қарсы жалпы­ұлттық қозғалысы, Респуб­ликалық адвокаттар алқа­сы, «Toqtamys» адво­каттық қауымдастығы, Халық­­аралық арбитраж және медиация палатасы, Пар­­ламентаризмді дамыту қоры, Қазақстандық татарлар мен башқұрттар конгресі, Эко­но­микалық сая­сат инс­ти­туты, «Азаматтық бастама» бастамашылық тобы және басқа да ұйымдар өз ұсы­ныстарын білдірді. Бұған қоса құқықтанушы ғалымдар сарапшылық ұсынымдарын жолдап, белсенділік танытып отыр.

Сонымен қатар Парламен­таризм институтының директоры азаматтар мен қоғам­дық бірлестіктерден пар­ламенттік реформадан бөлек, конституциялық реформаға қатысты да бастамалар түсіп жатқанын жеткізді.

Жұмыс тобы жетекшісі­нің орынбасары – Президент­тің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев Парламенттің Үкіметті, Конституциялық Сотты, Жоғары аудиторлық палатаны, Орталық сайлау комиссиясын және басқа да мемлекеттік органдарды жасақтауға қатысуын реттейтін конституциялық рәсімдердің жалпы тәсілдері туралы айтты. Бұл тәсіл­дер Жұмыс тобы мүшелері мен саяси партиялар­дың ұсы­ныстары негізінде әзірленген.

Жұмыс тобының мүше­лері қатарынан Марат Ши­бұтов, Азат Перуашев, Ел­нұр Бейсенбаев, Серік Егіз­баев, Магеррам Магер­рамов, Айдарбек Қожа­на­заров, Марат Башимов, Нұр­лан Бекназаров, Индира Әубәкірова, Үнзила Шапақ, Алуа Ибраева, Бөрі­хан Нұр­мұхамедов, Лейла Жақаева, Виктор Малиновский, Ерлан Сәрсембаев, Айдос Сарым, Қарлығаш Жаманқұлова өз идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын соңында Жұмыс тобының жетекшісі – Мем­лекеттік кеңесші Ерлан Қарин конституциялық реформа бойынша түпкілікті тәсіл­дерді әзірлеу үшін келіп түскен ұсыныстардың барлы­ғын жинақтап, жан-жақты зерделеуді тапсырды.

Анықтама: Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы 2025 жылғы 8 қазанда Мемлекет басшысының өкімімен құрылды. 14 қазан­да Жұмыс тобының алғаш­қы отырысы өтті. Екінші отырыс – 2 желтоқсанда, үшін­ші отырыс – 29 жел­тоқ­санда, төртінші отырыс 2026 жылғы 9 қаңтарда ұйым­дастырылды. 

Соңғы жаңалықтар