Спорт • 16 Қаңтар, 2026

Мергендеріміз Азия додасында 5 медаль жеңіп алды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Стенд атудан Азия чемпионаты Доха (Катар) қаласында өтіп жатыр. Айтулы дода 22 қаңтарға дейін жалғасады. Отандастарымыз 2 алтын, 1 күміс, 2 қола, барлығы 5 медальға ие болды, деп жазады Egemen.kz.

Мергендеріміз Азия додасында 5 медаль жеңіп алды

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті (архив)

Әйелдер құрамасы

«Скит» сайысында Адель Садақбаева үздік атанса, Ольга Хайлова үшінші орын алды.

Аталған дисциплина бойынша әйелдер құрамасы (Адель Садақбаева, Ольга Хайлова, Әсем Орынбай) командалық сайыста алтыннан алқа тақты.

Ерлер құрамасы

Эдуард Ещенко («скит» сайысы) күміс медальға қол жеткізді. 

Байрақты бәсекеде дәл осы сайыс түрінен ерлер құрамасы командалық бәсекеде қола жүлдегер атанды. Құрама сапында Ратмир Еникеев, Эдуард Ещенко, Илья Пеньков өнер көрсетті.

Қысқы Олимпиада ойындарын қайдан тамашалауға болады?

Соңғы жаңалықтар