Қоғам • Кеше

Жеке үйлердегі өрт: Қауіп қайдан төнеді?

50 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биылғы жылыту маусымы басталғалы елімізде 1 889 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл өткен маусыммен салыстырғанда 12 пайызға аз болғанмен, қызыл жалыннан келетін қауіп сейілген жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Асқар Төлешевтің айтуынша, 2024 жылы өрт 101 адамның өмірін қиса, 2025 жылдың 1 қазанында басталған биылғы жылыту маусымында 87 адам қызыл жалын салдарынан ажал құшқан, деп жазады Egemen.kz.

Жеке үйлердегі өрт: Қауіп қайдан төнеді?

Фото: ТЖМ

Пеш пе әлде электр сымы ма? Жеке тұрғын үйлердегі өрт себептері

ТЖМ мәліметінше, жеке тұрғын үйлердегі өрт оқиғалары ең көп тіркелген өңірлер қатарында Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстары бар. Асқар Төлешев аталған өңірлерде жылыту жүйелерін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы жиі кездесетінін атап өтті.

Түркістан облысындағы өрттен 12 адам қаза тапты: Оқиға орнынан фото мен видеолар жарияланды

«Жеке тұрғын үйлердегі өрттің басым бөлігі пеш жабдықтары мен электр желілерін пайдалану тәртібінің бұзылуына байланысты шығады. Мысалы, пештер мен мұржаларда жарықшақтардың пайда болуы, пеш алдында арнайы қаңылтырдың болмауы, электр желілеріне шамадан тыс жүктеме түсуі, электр сымдары оқшаулауының бұзылуы өрттің шығуына себеп болып отыр», деді Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Асқар Төлешев.

Биыл осы талаптарды сақтамау салдарынан 768 өрт оқиғасы тіркелген. Ал 279 өрт тұрғындардың отты сақтық шараларын елемей қолдануы мен масаң күйде не темекі қалдығын толық сөндірмеуі салдарынан болғаны анықталған.

2025 жылы ел аумағында қандай алапат өрт оқиғалары тіркелді?

Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға ерекше қолдау

ТЖМ өкілі профилактикалық акциялар аясында халықтың әлеуметтік осал топтарына кең көлемде көмек көрсетіліп жатқанын жеткізді.

«Осы санатқа жататын 108 мың тұрғын үй мен 225 мыңнан астам көпбалалы отбасы қамтылды. Нәтижесінде мыңдаған үйде пеш жүйесі ретке келтіріліп, электр желілері жөнделді», дейді Асқар Төлешев.

СҚО-да үй өртенді: әкесі мен баласы көз жұмды, тағы бір бала іздестіріліп жатыр

Атап айтқанда, 2,5 мыңнан астам үйде пешпен жылыту жүйесі қалпына келтіріліп, 12 мыңнан аса түтін мұржасы тазартылған. Министрлік қолдауымен 2,3 мың үйде электр желілері жөнделіп, 39 мыңнан астам газ және түтін датчиктері орнатылған.

Айта кетейік, күні кеше Павлодар облысы Ертіс ауылында жеке тұрғын үй түгі қалмай өртеніп, 2 бала қайтыс болды.

Бүгін қайғы жұтқан ертістік отбасыға пәтер кілті табысталды.

Соңғы жаңалықтар