Автобус салонында 81 шетел азаматы, оның ішінде 17 бала болған. Барлық жолаушы – Тәжікстан Республикасының азаматтары.
Қазақстан ТЖМ қызметкерлері полициямен бірлесіп жолаушыларды эвакуациялап, оларды уақытша бейімдеу орталығына және қалалық қонақүйге орналастырды. Эвакуацияланған азаматтарға қажетті көмек көрсетілді.
Жолаушылар құтқару қызметінің жедел әрекетіне ризашылық білдірді.