Спорт • Кеше

Тоғызқұмалақтан облыстық біріншілікте кімнің мерейі үстем болды?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талғар ауданында тоғызқұмалақтан Алматы облысының жеке чемпионаты өтті. Жарысқа 2012 жылы туған және одан үлкен жастағы шамамен 75 спортшы қатысып, өздері тұратын аудандардың намысын қорғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тоғызқұмалақтан облыстық біріншілікте кімнің мерейі үстем болды?

Турнир жеке есепте швейцариялық жүйе бойынша ұйымдастырылып, екі форматты қамтыды – «классика» және «блиц». Жарыстың негізгі мақсаты – ұлттық мұраны ұлықтау және 11-ақпанда Павлодар қаласында басталатын Қазақстан чемпионатына қатысатын Алматы облысының құрама командасына үміткерлерді іріктеу.

«Чемпионат – ұйымдастырушылық және спорттық деңгейі жоғары деңгейде өтті. Жыл сайын бәсекенің артып, ойыншылардың ойыны анағұрлым кемелденіп келе жатқаны қуантады. Мұндай жарыстар спортшыларға құнды тәжірибе беріп, әрі қарай дамуға ынталандырады», деді жарыстың бас төрешісі Ерболат Қылышбаев.

Күні бойына ұласқан жарыста қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, стратегиялық ойлау қабілетін және жылдам шешім қабылдай алу шеберлігін көрсетті. Әсіресе блиц партияларында зейін мен есептеу жылдамдығы алдыңғы орынға шықты.

 «Әр партия оңай болған жоқ, қарсыластар өте мықты болды. Әсіресе қателікке жол беруге болмайтын блиц форматы қиынға соқты. Барлық жеңістерім – тынымсыз жаттығулар мен бапкерімнің қолдауының нәтижесі», деді 15–17 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақтан тұңғыш әлем чемпионы атанған Батыр Ернұр.

Бәсекелі жарыс қорытындысында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Жоғалған шопан табылды

Оқиға • Бүгін, 19:02