Заң • 19 Қаңтар, 2026

«Сергек» камерасына оқ атқан жамбылдық азамат жазаланды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы Байзақ аудандық сотында өткен жылдың 25 желтоқсанында «Сергек» камерасын қасақана бүлдірген ер азаматқа қатысты іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.

«Сергек» камерасына оқ атқан жамбылдық азамат жазаланды

Фото: ЖИ

Ол «Сарыкемер – Түймекент – Ақшолақ» тасжолында орнатылған «Сергек» камерасына пневматикалық қарудан оқ атып, «І.» ЖШС-не материалдық шығын келтірген.

Сотта құқық бұзушы өзінің кінәсін толық мойындады. Оның кінәсі хаттама, полицияның хабарламасы, жәбірленушінің жазбаша арызы және құқық бұзушының айғақтарымен дәлелденген.

«Сергекке» сенімсіздік неден туды?

Сот айыпталушыны кінәлі деп тауып, 196 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындады. 

Айта кетейік, Алматыда «Сергек» камераларының саны артады. 

Ал Атырауда 100 мектепке «Сергек» камерасы мен SOS дабыл түймесі орнатылды.

Соңғы жаңалықтар