Фото: pixabay.com
Авиация сарапшысы Андрей Патраковтың айтуынша, ескі ұшақтарды қайта іске қосу – жолаушылар ағынының артуы мен әуе техникасының тапшылығын өтеуге бағытталған амал. Консервациядан шығарылған ұшақтар әуе компанияларына жаңа лайнерлерді ұзақ күтпей-ақ, әуе паркін жедел ұлғайтуға мүмкіндік береді және персоналды қайта бейімдеу уақытын қысқартады.
«Ростех» компаниясында барлық қайта пайдалануға берілетін ұшақтардың жасы 30 жылдан аспайтынын атап өтті. Әуе кемелері толық техникалық тексерістен, жоспарлы жөндеуден және жүйелерді жаңғыртудан өтеді. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл шаралар қолданыстағы ұшақтарға түсетін жүктемені азайтып, жолаушылар тасымалының сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Консервациядан шығару бағдарламасы ішкі рейстермен қатар халықаралық бағыттарды да қамтиды. Алдағы екі жыл ішінде бірқатар лайнерлер әуе компанияларының паркіне қосылады деп күтіліп отыр. Бұл әуе техникасы тапшылығын азайтып, жолаушылар ағыны жоғары жағдайда авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге сеп болмақ.