Оқиға • 19 Қаңтар, 2026

Петропавлда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан күдікті ұсталды

1 мин
оқу үшін

Петропавлда 33 жастағы қала тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер оны қалалық аурухана маңында қылмыс үстінде ұстаған, деп жазады Egemen.kz.

Петропавлда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан күдікті ұсталды

Фото: Polisia.kz

Тінту барысында одан түсті зат салынған 22 түйіншек тәркіленген және тағы 3 түйіншек табылған. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат 25 грамды құрайтын синтетикалық есірткі болып шыққан.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, ер адам 2025 жылдың қараша айынан бері есірткі сатуымен айналысқан. Психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз айналымға жібергені үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы ықтимал.

Есірткі қылмысын еңсеретін жоспар

Соңғы жаңалықтар

Болған ана шапаны

Руханият • Бүгін, 09:47

Жастар жиі оқитын кітаптар

Қоғам • Бүгін, 09:44

Әлемдік додада топ жарды

Технология • Бүгін, 08:50

Пайдасы көл-көсір көмір күлі

Аймақтар • Бүгін, 08:49

Ғабит ғибраты

Руханият • Бүгін, 08:45