Пікір • Бүгін, 08:23

Бизнесті қолдауды бір жүйеге келтірсек

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір бізде кәсібін дамытқысы келетін азаматтарға қолдау көп. Бірақ соны бір жүйеге түсірген жөн. Сонда ғана бизнестің ел эко­номикасындағы үлесі артады. Осы күні банктер ұсынып отырған мөлшерлемесі жоғары несие бизнестің адымын аштырмайды.

Бизнесті қолдауды бір жүйеге келтірсек

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

«Ауыл аманаты» – ауылды дамытатын жоба. Мөлшерлемесі де тиімді. Жер-жерде осы бағдарлама аясында тірлігін бастап жатқандар аз емес. Алда осы мақсатта бері­летін қаражатты ұлғайтып, кепілдік мәселесін елдегі ағайын үшін тиім­ді етсе құба-құп. Бұл ауыл шаруа­­шылығы саласын көтерудің бірден-бір жолы. Алдағы 3 жылға бұл бағытқа 450 млрд теңге бөлінеді.

Тағы бір мәселе – бізде мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге жасалып жатқан салық жеңілдігі мен қаржылай қолдаудың тиімділігін анықтайтын орган жоқтың қасы. Сондықтан да цифрлық платформа арқылы алынған қаржы мен жұм­салуы, ашылған жұмыс орындары, өндірістер саны талдануы керек. Бұл айтылған мәселенің бәрі Ұлт­тық құрылтай аясында көте­рі­ліп, шешімін тапса игі.

 

Нұртай САБИЛЬЯНОВ,

Мәжіліс депутаты

Соңғы жаңалықтар