Пікір • Бүгін, 08:30

Сырдағы басқосудың орны бөлек

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел тарихында Қызылорданың орны бөлек. Бір ғасыр бұрын ұлт атауын қайтарған қалада кеңес өкіметін қолдаған азаматтар мен Алаш қайраткерлері ымы­раға келіп, еңбек етті. Ел дамуының негізін қалады.

Сырдағы басқосудың орны бөлек

Осы орайда Ұлттық құ­рылтайдың кезекті оты­рысының Сыр бойындағы қалада өтіп жатқаны орын­ды. Бұл жерде де ел өмі­рі­не ықпалы зор маңыз­­ды мәселелер шеші­мін табады деп үміттенеміз. Соның бірі – ұлт идеологиясының алтын діңгегі саналатын Абай іліміне қатысты мәселе. Облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар үш қалада Абайтану орта­лықтары ашылу керек деген ойдамын. Бұл – кейінгі ұрпақты тәрбиелейтін бірден-бір жол.

Балалар кітапханасын қалыптастыру да үлкен міндеттің бірі. Бұл мәселе Мемлекет басшысының назарында тұр. Осы бағытта тиісті министрліктер мен жергілікті әкімдік арасында үйлесімді жұмыс керек.

Мереке ҚҰЛКЕНОВ,

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы

 

Соңғы жаңалықтар