Фото: Астана қаласы әкімдігі
Іс-шара аясында қол күресі, гір тасын көтеру, арқан тартыс және белбеу күресі бойынша да сайыстар ұйымдастырылады.
«Бұл жарыс дәстүрлі спорттық іс-шараға айналды. Негізгі бәсеке – шаңғы жарысы. Ол 16 жас ерекшелік санаты бойынша қыздар мен ұлдар арасында өткізіледі. Қашықтықтар 500 метрден бастап 1 және 2,5 шақырымға дейін белгіленген. Қатысушыларды тіркеу сағат 10:00-де басталып, старт белгісі 11:00-де беріледі. Барлық жарысқа қатысу тегін», деді қалалық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.
Спорттық доданың өтуіне Астана қаласы әкімдігі мен қалалық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы ұйытқы болып отыр.
Айта кетейік, Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бүгінде халықтың 40,4 пайызы, яғни 8 406 213-тен астам адам тұрақты түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады.