Фото: ЖИ
Жоба «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылады. Жобаны іске асыру нәтижесінде жүргізушілер мен жолаушылар жол бойында интернетті навигация үшін, шұғыл қоңыраулар жасауға, сондай-ақ мемлекеттік және банк сервистерін пайдалана алады.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, жоба кезең-кезеңімен іске асырылады. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын мобильді байланыспен қамтамасыз ету жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін, ал облыстық маңызы бар жолдарда 2027 жылдың соңына дейін аяқталады. Келісім аясында «Транстелеком» АҚ жобаны мемлекеттік қаржыландырусыз, өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Елдегі пойыздарда интернет жүйесі іске қосылды
«Жоспарға сәйкес, жоба екі кезеңде жалпы ұзындығы 40 мың шақырымнан астам автомобиль жолын қамтиды. Жол бойындағы тұрақты байланыстың болуы жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырып, жедел қызметтердің әрекет ету жылдамдығын жақсартады. Сондай-ақ көлік ағынын интеллектуалды басқару жүйелері мен жол жағдайын мониторингтеу технологияларын енгізуге мүмкіндік береді. Жоба аясында 500-ден астам антенна-мачталық құрылыстар мен мобильді байланыс базалық станциялары салынады. Бұл елдің негізгі көлік бағыттарында байланыстың қамту аумағын кеңейтіп, қызмет сапасын едәуір жақсартады», делінген министрлік хабарламасында.
Пойыздар мен ұшақтарда Starlink деңгейіндегі интернет пайда болады
Байланыстың қолжетімділігін арттыру мақсатында «Транстелеком» АҚ салған инфрақұрылымды басқа ұялы байланыс операторларының пайдалануына да мүмкіндік беріледі.