Қоғам • Бүгін, 11:30

Астаналық жастар отандық иіссу өнімдерін дайындайды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласындағы №91 мектеп-гимназиясы мен Сервис және туризм колледжі өзара ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойды. Бұл келісім білім алушылардың шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған тың жобаның бастамасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астаналық жастар отандық иіссу өнімдерін дайындайды

Фото: Астана әкімдігі

Жаңа жоба аясында №91 мектеп-гимназиясы бұған дейін АҚШ-тың Вашингтон университетімен серіктестік орнатып, әтір өндірісінде қолданылатын қоспа майларды алу жөнінде келісім жасаған еді. Осы халықаралық тәжірибені жалғастыру мақсатында мектеп-гимназияның басшысы Алмагүл Тілектесқызының бастамасымен «Сервис және туризм» колледжінің директоры Салтанат Қайратқызымен меморандумға қол қойылды.

Ынтымақтастық нәтижесінде колледж студенттері мен мектеп оқушылары Вашингтоннан алынған әтір қоспа майларын пайдалана отырып, гүлдер мен жеміс-жидектер негізінде жаңа отандық иіссу өнімдерін дайындауды бастады. Бұл жоба оқушылар мен студенттердің химия, технология және шығармашылық бағыттағы білімдерін тәжірибе жүзінде ұштастыруға мүмкіндік беріп отыр.

Қытайлық қандас Парижде «Қыз Жібек» атауымен иіссу шығарды

Бүгін екі оқу орнының білім алушылары арнайы кездесіп, өзара тәжірибе алмасты. Кездесу барысында жасалған иіссулар таныстырылып, алдағы жұмыстар талқыланды. Ал дайын өнімдердің ресми презентациясы мамыр айында көпшілікке ұсынылады.

3

Сонымен қатар, алдағы уақытта колледждің флористика және ландшафтық дизайн мамандықтарында білім алып жатқан студенттері мектеп ауласын абаттандыру жұмыстарына атсалысып, «Таза Қазақстан» республикалық акциясына өз үлестерін қоспақ.

Апорттан алынған иіссу

Аталған жоба білім, бизнес және халықаралық тәжірибені ұштастыра отырып, отандық өнім өндіруге бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып отыр.

Жусан иіссуы

Соңғы жаңалықтар