Фото: ҚТЖ
Қазіргі уақытта әйелдер вагондары 12 бағытта қатынайды:
• №77/78 «Алматы – Маңғыстау»;
• №351/352 «Алматы – Маңғыстау»;
• №45/46 «Павлодар – Түркістан»;
• №37/38 «Маңғыстау – Семей»;
• №47/48 «Атырау – Астана»;
• №33/34 «Ақтөбе – Алматы»;
• №4/3 «Астана – Алматы»;
• №71/72 «Астана – Шымкент»;
• №354/353 «Астана – Семей»;
• №24/23 «Ақтөбе – Алматы»;
• №25/26 «Алматы – Шымкент»;
• №614/613 «Орал – Маңғыстау».
ҚТЖ мәліметінше, бұл вагондарға арналған билеттер тек әйел жолаушыларға сатылады. Сонымен қатар, вагондарда әйел жолсеріктер ғана қызмет көрсетеді. Әйел жолаушылармен бірге жеті жасқа дейінгі ер балалардың жол жүруіне рұқсат етіледі.
Пойыздар мен ұшақтарда Starlink деңгейіндегі интернет пайда болады
«Әйелдер вагонына билет вокзал кассаларында немесе bilet.railways.kz ресми сайты арқылы онлайн түрде рәсімделеді. Онлайн сатып алу кезінде билетте көрсетілген «ЖН» белгісіне назар аудару қажет. Бұл таңдалған орынның әйелдер вагонында екенін білдіреді. Билеттерді сату пойыздың жөнелтілуіне 45 күн қалғанда ашылады», делінген ҚТЖ хабарламасында.