Спорт • Кеше

Шахматтан ел чемпионаты басталды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Түркістан қаласында 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жеткіншектер арасында шахматтан ел чемпионаты басталды, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Шахматтан ел чемпионаты басталды

30 қаңтарда мәресіне жететін бұл турнир – ұлттық іріктеу жүйесінің негізгі кезеңі саналады. Осы чемпионатта жеңіске жеткен талантты шахматшылар  құрама сапына қабылданып, биыл өтетін  халықаралық жарыстарға қатысады. Қазақстан шахмат федерациясы (KazChess) Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен басталған ел біріншілігі Түркістандағы Олимпиадалық резервті даярлау орталығында өтіп жатыр. Қатысушылар классика, рапид және блиц түрлері бойынша жеті жас санатында медальдарды сарапқа салады. 9 турдан тұратын ойындар швейцар жүйесімен өтеді.

Өткен жылы ең көп табыс тапқан шахматшылар белгілі болды

20-27 қаңтар аралығында классика (90 минут + әр жүріске бірінші жүрістен бастап 30 секунд) болса,  28-29 қаңтар күндері  рапидтен (15 минут + әр жүріске 10 секунд) сынға түседі. 30 қаңтар күні  блиц (3 минут + әр жүріске 2 секунд) бойынша ел біріншілігі қорытындылады.

Шахматшы Бибісара Асаубаева блицтен әлем чемпионы атанды

Былтырғы жыл еліміздің  шахмат спорты үшін тарихи жыл болды. Қазақстанның балалар-жасөспірімдер құрамасы жалпы медальдық есепте әлемде бірінші орын алды. Әлем чемпионатындағы бес алтын медаль – кездейсоқтық емес. Бұл жүйелі жұмыстың, жоғары дайындық деңгейінің және мемлекеттік қолдаудың заңды нәтижесі. Былтыр Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев әлем чемпионатының жүлдегерлерін Ақордада қабылдады. Маңызды жүздесуде Президент  жас шахматшылардың жетістіктері еліміздің мерейі екенін айтты. 2025 жылы  қазақстандықтар әлемдік, азиялық және өңірлік біріншіліктерде 122 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 52 алтын, 32 күміс, 38 қола жүлде бар. Бұған дейін еліміздің абыройын асырып, әлемдік додаларда топ жарған талантты жас шахматшылар да Түркістан  төрінде бақ сынап жатыр.

Шахмат кабинеті ашылды

Ел чемпионатының жүлде қоры  – 15 120 000 теңге. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты сыйақы беріледі.

Соңғы жаңалықтар