Қоғам • Бүгін, 18:43

Алматыдағы Есентай өзенінде сел қайтадан жүруі мүмкін

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Есентай өзенінде қауіпті жағдай сақталып отыр – қатты аяз бен мұздың жиналуына байланысты мұзды су селі қайта жүру қаупі бар. Бұл туралы бүгін «Қазгидромет» хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыдағы Есентай өзенінде сел қайтадан жүруі мүмкін

Фото: Видеокадр

Гидрометеорологиялық қызметтің мәліметінше, 18 қаңтарда Кіші Алматы өзені алабына жататын Есентай өзенінде шағын су-мұзды сел қалыптасқан. Оған төмен ауа температурасы мен өзен арнасында мұздың белсенді түзілуі әсер еткен.

«Есентай өзенінің арнасында мұз түзілімдерінің басым бөлігі сақталып, судың көп жиналуы байқалып отырғандықтан, су-мұзды селдің қайта қалыптасу қаупі бар», делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Алматыда ауа температурасы нөлден төмен деңгейде сақталады. 21 қаңтарда күндіз -3...-5 градусқа дейін, ал түнде -11...-13 градусқа дейін төмендейді. Келесі қар 22 қаңтарда жауады деп күтіліп отыр.

 

Соңғы жаңалықтар

Жоғалған шопан табылды

Оқиға • Бүгін, 19:02