Спорт • Кеше

Волейболшы қыздардың жетістігі

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында спортқа бейім оқушылар көп. Солардың қатарында 2011–2012 жылғы жасөспірім қыздардан құралған волейбол командасы да бар. Жас ойыншыларды жаттықтырушы Анастасия Щербакова баптап жүр.

Волейболшы қыздардың жетістігі

Команда республикалық сайыстарға былтырдан бері қатыса бастады. Алдымен Жаңаөзен қаласында өткен еліміздің жазғы чемпионатында бақ сынасып, бесінші орынды қанағат тұтты. Содан соң Өскемендегі күзгі чемпионатта жүлделі үшінші орынға көтерілді. Жақында Талдықорған қаласында аяқталған қысқы чемпионатта қарсыластарының бәрін ұтып, бірінші орынға ие болды.

«Жеңіске бірден қол жеткізу мүмкін емес. Жарысқа дайындық барысында ойыншылардың шеберлігін жетілдіруді жан-жақты ойластырдық. Волейболшылардың психологиялық тұрғыдан төзімділігін нығайттық. Команданың ұйымшылдығы, бір-бірін қолдауы мен жеңіске деген ұмтылысы нәтижеге тікелей әсер етті», дейді А.Щербакова.

Ойыншының бірі – Әмина Ринатқызы. Спортпен шұғылдануды Махамбет ауданында бастаған. Волейбол федерациясы оны Атырауға шақырып, жатын орынмен қамтамасыз етіпті. Ал Диана Рапағатованы волейболға әпкесі 2017 жылы ертіп әкелген. Содан бері осы спортты серік етіп келеді. Қазір – команда капитаны.

«Біз бапкерлердің кеңесін қалт жібермеуге тырыстық. Тактикалық тапсырманы мүлтіксіз орындауға жұмылдық. Дайындық кезінде команданың бірлігіне көңіл бөлдік. Бұл – біздің алғашқы жетістігіміз. Алдағы уақытта бұдан да зор жеңіске қол жеткізуді ойластырып жүрміз», дейді Д.Рапағатова.

 

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Соғыс болмаған ел

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:20

Нағыз қыс – Шанағатыда

Ауыл • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:05