Мұндай мүмкіндік Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы 2003 жылғы 3 маусымдағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімінің негізінде ұсынылған.
Қытай халық республикасының мемлекеттік стипендиясы бойынша оқуға үміткерлер бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша құжат тапсыра алады.
Грант негізінде тегін оқу мүмкіндігімен қатар, ай сайынғы стипендия, медициналық сақтандыру тағайындалып, арнайы жатақхана беріледі.
Алматы облысының колледждері Қытай, Еуропа және Азия елдерімен ынтымақтастық орнатты
Ал қалған шығындарды талапкердің өзі өтейді.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлер Қытай стипендиялық кеңесі сайтында онлайн тіркеуден өту тиіс https://campuschina.org
2026 жылдан бастап ҚХР-дың жоғары оқу орындарында бакалавр дәрежесін алуға үміткер барлық шетелдік талапкерлер шетелдік студенттерге арналған академиялық дайындық тестінен (CSCA) өтуге міндетті. Құжаттарды қабылдау кезеңінде академиялық дайындық тестінен (CSCA) өту және оның нәтижелерін ұсыну талап етілмейді, көрсетілген тест конкурстық іріктеуден өткеннен кейін тапсырылады. CSCA тестілеуі туралы толық ақпарат www.csca.cn ресми сайтында орналастырылған.
Қытай «Genesis миссиясына» қарсы тұра алатын ЖИ жүйесін іске қосты
Құжаттарды қабылдау 2026 жылдың 21 қаңтарынан 10 ақпанға (қоса алғанда) дейін жүргізіледі:
- «Электрондық үкімет» порталы арқылы (Egov.kz) https://egov.kz/cms/ru/services/higher_education/pass_203_mon
- «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ арқылы құжаттарды өткізуге болады.
Құжаттарды онлайн тапсыру бойынша нұсқаулық мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.youtube.com/watch?v=63vBxsMIkYs
Egov.kz порталы арқылы құжат тапсыру үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.
Шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу мынадай кезеңдерден тұрады:
- Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен үміткерлердің дербес әңгімелесуі онлайн режимде өтеді;
- Үміткерлердің материалдарын қарау және Қорытынды комиссияның шешім шығару;
- Үміткерлерді іріктеу үшін негізгі шарттар:
- балдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі;
- білім туралы құжаттың балдық жүйе бойынша орташа балы;
- Тәуелсіз сараптамалық комиссияның бағасы ескеріледі.
Қосымша ақпаратты +7 (7172) 76-90-76 номірі мен орталықтың ішкі нөмірлер: 110, 112, 113, 114, 115, 301 арқылы алуға болады.