Фото: primeminister.kz
Президент Ұлттық құрылтайдағы сөзінде Жаңа Салық кодексі өзгермейтін қағидалардың жиынтығы ретінде қабылданбауы керек екенін айтты. Осыған байланысты Үкімет Салық кодексі бойынша жұртшылық пен бизнес тарапынан түсетін ұсыныстарды жинақтап, мұқият талдау жүргізеді.
«Серік Мақашұлы, жұртшылық пен бизнес тарапынан келіп түскен ұсыныстарды жинақтап, мұқият талдауды тапсырамын. «Атамекен» ұлттық палатасының өкілдерін, экономистер мен сарапшыларды тарта отырып, жүйелі әрі үйлесімді жұмыс істеу керек. Бүгін Үкіметте осындай алғашқы кездесу өткізесіз. Өңірлерді де осы жұмысқа белсенді тарту қажет. Қоғамның көтеріп отырған мәселелерін жедел қарау керек. Нәтижесі бойынша нақты ұсыныстар енгізіңіз», деді Олжас Бектенов.
Жеке деректерді таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Айта кетейік, Президент экономика мен бизнес жаңа салық режиміне көшіп жатқанын және Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдына бұл кезеңді қалыпты өткізу міндетін қойды.
Сондай-ақ бүгін Үкімет отырысында Президенттің Ұлттық құрылтайда айтқан тапсырмаларын орындау тәртібі қаралды.