Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Жаттықтырушылар кеңесінің шешімімен Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Милана Генева, Айша Ракишева қысқы Олимпиадада сайысады. Федерацияның мәліметінше, бұл құрам – ұлттық құраманың тарихындағы ең жас командалардың бірі. Спортшылар 24-25 жаста.
Құрама қазіргі уақытта Чехияда оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр және Әлем кубогінің кезекті кезеңінде бақ сынайды. Бұл турнир Олимпиадаға дайындықтың соңғы кезеңі болмақ. Одан кейін олимпиадалық құрама Италияға оқу-жаттығу жиынына аттанады.
Айта кетейік, 2026 жылғы Олимпиадада биатлон жарыстары 8 ақпанда басталады.
Бұған дейін Қазақстан биатлоншыларына 4 жолдама берілгенін жазғанбыз.