Саясат • Бүгін, 07:45

Мәжілістегі фракция жетекшілерімен кездесті

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Мәжілістегі сая­си партиялардың фракция жетек­шілерімен кездесті.

Мәжілістегі фракция жетекшілерімен кездесті

Басқосуға «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетек­шісі Азат Перуашев, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, Жалпыұлттық социал-демокра­тиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов және Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы Әмірбек Оспанбеков қатысты.

Мемлекеттік кеңесші бір палаталы жаңа Парламентке көшу бастамасына қатысты негізгі тәсілдерді қалыптастыруға белсене атсалысқаны үшін партия фракцияларына ризашылық білдірді. Ерлан Қариннің айтуынша, былтырғы күзден бері жүргізіліп келе жатқан конституциялық реформаны әзірлеу ісі мемлекеттің институционалдық негіздерін одан әрі жаңғыртуда айрықша маңызды.

Сондай-ақ Мемлекеттік кеңес­ші Ұлттық құрылтайдың Қызыл­ор­дада өткен отырысының басымдықтарына ерекше тоқталды.

«Құрылтайдың бұл жолғы оты­рысы да, Президенттің бағ­дар­ламалық сөзі де тарихи тұрғы­дан үлкен мәнге ие. Мемлекет бас­шы­сының саяси институттарды терең трансформациялау бастамасы түбегейлі жаңа конституциялық модельге қадам басқанымызды айғақтайды», деді Ерлан Қарин.

Өз кезегінде фракция жетекші­лері Президент бастамаларын толық қолдап, конституциялық рефор­маға қатысты жұмысты белсен­ді түрде жалғастыруға да­йын екендерін айтты.

 

Соңғы жаңалықтар