Қоғам • Бүгін, 08:13

Ақ қардан Ақорда тұрғызды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысындағы Дос­тық ауылының тұрғыны Нәдір Қуанаев Аста­надағы Ақорда ғима­­ратының бейнесін қардан жасап шықты. Ауылдағы осынау ке­реметті көруге алыс-жақыннан арнайы барғандар да аз емес екен.

Ақ қардан Ақорда тұрғызды

Суретті түсірген – Мәди ҒҰБАЙДУЛЛИН

Қардан жасалған Ақорданың биік­тігі – 160 см, ұзындығы 5 метр, ені 3 метр шамасында. Бұл жаңалық әлеуметтік желі арқылы кең тарап, Нәдірдің бұдан бұрын да жасаған туын­дыларын халық еске алып жатыр. Айта кетейік, Нәдір Арманұлы өткен жылдары Оралдағы ор­талық мешіт ғима­ратын, поли­цияның қызметтік көлігін, басқа да қар мүсіндерін жасаған. Ол әлеуметтік желі­дегі өз па­рақ­шасында мүсіннің жасалу жолын да көрсетіп, тәжірибесін достарына таратып отырады.

Шебер жігіт бұл жолы неге еліміздің бас кеңсесі – Ақорда ғимаратын таң­даған екен? «Бұған ел Пре­зидентінің жастарға үндеуі себеп болды», дейді ол.

«Мемлекет басшысы сөзінде «Болашақ – жас­тардың қолында» деп атап өтетін. Осы орайда жастардың озық идеяларын, қолынан іс те ке­летінін қар мүсінімен дәлелдегім келді. Болашақта металл қалдықтарын да кәдеге жаратып, түрлі мүсін жасағым келеді. 2022 жылы өз бетімше көлік құрастыра бастадым. Көліктің алдыңғы бөліктерін дайындап, оған қозғалтқыш орнаттым. Өкінетінім, қаржы тапшы болып, бұл ісім аяқсыз қалды. Жасаған көлік бөлшектерін сатып жібердім. Бірақ осы жобамды қайта қолға алып, мақсатыма жеткім келеді», дейді Нәдір.

Шебер жігіттің өнері жылдан-жылға жетіліп, дамып келеді. Мысалы, биыл­ғы Ақорда мүсініне орна­тылған жарықшам түнде жар­қырап, ғимараттың сәнін одан әрі арттырып тұр.

 

Батыс Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар