Қоғам • Бүгін, 08:28

Атыраудың алып сәбиі

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұнайлы өңірде сәби сүйгісі келетіндер аз емес. Мәселен, 2021–2025 жылдар аралы­ғында «Аңсаған сәби» бағдарла­масына жү­гінген 467 әйел сәбиін өмірге әкелді.

Атыраудың алып сәбиі

Сурет: freepik.com

Алайда жыл сайы­н аталған бағдар­ла­мамен сәби сүйген әйелдер санының азай­ғаны бай­қалады. Об­лыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегіне қара­ғанда, 2021 жылы – 154, 2022 жылы – 131, 2023 жылы – 98, ал 2024 жылы 84 әйел ана бақытына бөленіпті.

«Былтыр «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша ЭКҰ процедурасынан өткен 44 әйелдің жүктілігі тіркелді. Қазір аталған бағдарламаға қатыс­қан әйелдердің көпшілігі дәрігерлердің тұрақты бақы­лауымен емдеу, оңалту кезе­ңінен өтіп жатыр», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Ал облыстық перинаталдық орталықта 36 жастағы әйел алтыншы перзентіне жарық өмір сыйлады. Бір ерекшелігі, сәбидің салмағы – 5,8 кг, бойы  61 сантиметр. Оның салмағы мен бойы өңірдегі орташа статистикалық көрсеткіштен жоғары екені тіркеліп отыр.

Жүкті әйел бастапқыда ор­талық­тағы жүктілік патоло­гия­сы бөлімшесіне жатқызылды. Ультрадыбыстық зерттеу қоры­тындысымен сәбидің салмағы шамамен 6,5 кг болуы мүмкін екеніне болжам жасалды. Мұндай салмақтағы сәбиді ота арқылы аман алып қалуға болады. Сол себептен, жүкті әйелге кесарь тілігімен ота жасауға шешім қабылданды.

«Ота сәтті өтті. Ана мен бала дәрігерлердің тұрақты бақы­лауына алынды. Қазір олардың жағдайы жақсы», деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.

 

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Соғыс болмаған ел

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:20

Нағыз қыс – Шанағатыда

Ауыл • Бүгін, 09:15