Тағайындау • 22 Қаңтар, 2026

Сыртқы істер министрлігінің жаңа ресми өкілі тағайындалды

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

​​Ерлан Жетібаев Қазақстан СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – Ресми өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сыртқы істер министрлігінің жаңа ресми өкілі тағайындалды

Айта кетейік, Ерлан Жетібаев 1984 жылы 15 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінде маман ретінде бастаған.

2009 жылы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару методологиясы, ішкі қаржылық бақылау және бюджеттік несиелендіру департаментінің сарапшысы болып жұмыс істеді. 2009-2011 жылдары СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінде үшінші хатшы қызметін атқарды. 2011-2017 жылдары Қазақстанның Таиландтағы елшілігінде екінші, бірінші хатшы лауазымдарында еңбек етті.

2017 жылы СІМ ЭКСПО-2017 Хатшылығының бірінші хатшысы, кейін СІМ Азия және Африка департаментінің бірінші хатшысы қызметінде жұмыс істеді. 2018-2020 жылдары «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КеАҚ Қамтамасыз ету қызметі хатшылығының басшысы, Халықаралық ынтымақтастық және климаттық инвестициялар департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

Сыртқы істер министрлігі Қара теңізде болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

2020-2023 жылдары СІМ Баспасөз қызметінде кеңесші және басшы, 2023-2025 жылдар аралығында СІМ Коммуникациялар департаменті директорының орынбасары болды.

СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – Ресми өкілі болып тағайындалғанға дейін 2025 жылғы наурыз айынан бастап СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры қызметін атқарды.

Сыртқы істер министрлігі Авраам келісімдеріне қосылуға қатысты мәлімдеме жасады

II сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежеге ие. Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.

Еске салайық, бұған дейін бұл қызметті Айбек Смадияров атқарды. Ол 2025 жылы 9 желтоқсанда қызметінен кеткен еді. 

Соңғы жаңалықтар