Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026

Атырауда бір жылда жол апатынан 96 адам қайтыс болған

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Былтыр Атырау облысының аумағында жол-көлік оқиғасынан 96 адамның көз жұмғаны анықталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда бір жылда жол апатынан 96 адам қайтыс болған

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бір жылда жүргізушілерге қатысты жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу дерегімен 288 қылмыстық іс қозғалған.

СҚО-да төрт адамның өмірін жалмаған жол апаты болды

«Жол-көлік оқиғаларының бірнеше себебі бар. Біріншіден, жүргізушілер автокөлік жылдамдығын шамадан тыс асырады. Екіншіден, қарсы қозғалыс жолағына шығады. Үшіншіден, жаяу жүргіншілерге жол бермейді. Төртіншіден, маневр жасау ережелерін өрескел бұзады. Барлық жүргізушіге көлік құралын басқару кезінде барынша мұқият болуды, жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды, ал жаяу жүргіншілерді қауіпсіздік шараларын естен шығармауды ескертеміз», деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Маңғыстауда ірі жол апаты болды: Әкім зардап шеккендердің жағдайымен танысты

Соңғы жаңалықтар