Саясат • 23 Қаңтар, 2026

Креативті индустрия мүмкіндігі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Yango Group» компаниясының жаһандық директоры Даниил Шулейко мен «Yandex Qazaqstan» басшысы Тимур Шалекеновпен кездесті.

Креативті индустрия мүмкіндігі

Басқосу барысында тараптар еліміздегі креативті индус­трияны дамыту келешегін, мемлекет пен халықаралық жетекші технологиялық компаниялар арасындағы ынты­мақтастықты кеңейту мүм­кін­діктерін талқылады. Аида Балаева «Yandex Qazaqstan» ком­паниясының цифрлық және креативті экожүйелерді дамы­тудағы маңызды рөлін сөз етіп, инновациялық жобалар мен таланттарды қолдауға қосқан үлесін атап өтті.

Кездесуде Креативті индустрияны дамыту қорының қызметіне ерекше назар аударылды. Қордың негізгі жұмыс бағыттары, оның ішінде жобаларды жедел дамыту мен қолдау, креативті бастамаларды жүзеге асыру, инфрақұрылымды дамыту мен отандық креативті өнімдерді халықаралық нарыққа шығару талқыланды. Сонымен қатар «Yandex Qazaqstan» компаниясы Қордың стратегиялық серіктесі ретінде қарастырылып отыр.

Жиын қорытындысында тараптар ұзақмерзімді әрі жүйелі серіктестікке мүдделі екенін айтып, креативті экономика мен цифрлық технологиялар саласында байланыс орнатуға ниетті екендігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар