Фото: pixabay
Сот барысында 21 жастағы Роман Сильтиков бастаған топ өздерін «сүттен ақ, судан таза» етіп көрсетуге тырысты. «Біз ешкімді алдаған жоқпыз, тек сұраған адамға есепшоттарымыздың нөмірін бердік. Осы қылмыс па?» деп олар бет бақтырмауға тырысты. Ал есепшоттарына түскен ақшаның қылмыстық жолмен келгенін «білмей қалған» болып ақталды.
Алайда, сот барысында бұл топтың 2023 жылдан бері әрекет еткендігі және олар 20 адамның 120 млн теңге ақшасының қолды болуына жағдай жасағаны анықталды. Топ басшысы қатарына Ефименко, Трещев, Сальхин, Зайцев, Радченко деген сыбайластарын қосып алып, алаяқтың жұртты алдап түсірген ақшаларын өз есепшотарына салғызып, артынан оның қомақты бөлігін сыйақы ретінде алып отырған.
Банк шотын есірткі сатушыларға берген 10 дропперге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сот Р.Сильтиков пен М.Ефименконы 6 жыл 8 айға, Д.Трещев пен Ю.Сальхинді 6 жыл 6 айға, Д.Зайцевті 6 жылға және М.Радченконы 5 жыл 6 айға бас еркінен айыру туралы үкім шығарды.