Технология • 23 Қаңтар, 2026

СҚО-да ІТ-орталықтар ашылды: Ауыл жастары робототехниканы меңгереді

21 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауылдық аймақтарды цифрландыру процесіне арналған DIGITAL AIMAQ жобасы шеңберінде жуырда Есіл ауданының екі бірдей ауылында креативті ІТ-орталықтар ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да ІТ-орталықтар ашылды: Ауыл жастары робототехниканы меңгереді

Бұрын осы ауданның Николаевка (Көбеш) ауылында ғана осындай орталық ашылған болатын. Енді Покровка (Ақжар) және Корнеевка ауылдарында ашылған орталықтар ауданды аймақтағы цифрландыру процесінің ту ұстаушысы қатарына шығарып отыр. 

Қарағандылық оқушылар робототехника олимпиадасынан олжалы оралды

DIGITAL AIMAQ жобасын іске асыруда Петропавлдағы Qyzyljar Creative Center орталығы аймақтық IT-хаб SKO Hub-мен ынтымақтасып әрекет етіп жатыр. Жобаның мақсаты – цифрландыру процесінде қала мен ауыл арасындағы теңсіздікті жойып, ауылдың жастарына да ІТ, робототехника, креатив индустрия жаңалықтарын жеткізіп, оларды игеруге баулу. 

Робототехниканы дамытқан жаңашыл ұстаз

Соңғы жаңалықтар