Фото: gov.kz
Парламент мүшесінің айтуынша, 18 және 32-баптарға енгізілетін нақтылаушы өзгерістер конституциялық кепілдіктердің мәнін өзгертпейді, яғни сөз бостандығы мен бейбіт жиналыстарға құқық бұрынғы көлемінде сақталады.
«Тек бұрын Конституцияда көзделген шекаралар нақтыланып жатыр. Яғни, біз қазір қоғам үшін өте маңызды осы нормаларды ресімдейміз. Жаңа тыйымдар туралы сөз жоқ, бұл тек қолданыстағы тепе-теңдікті дәлірек анықтау, қоғамда екіұдай түсінік пен қажетсіз алаңдаушылық тудырмау үшін», деді депутат.
Гүлзира Атабаева: Зайырлы білім – жас ұрпақтың еркін дамуының кепілі
Бұл түзетулер елдің демократиялық құндылықтарын нығайтуға бағытталған шаралардың бірі болып саналады. Мамандардың пікірінше, конституциялық нормалардың айқындалуы азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы сенімділікті арттырады.
Максим Рожин: Халық кеңесі – жалпыұлттық диалогтың жаңа форматы
Парламент және Конституциялық комиссияның жұмысы қоғам тарапынан зор назарда, ал енгізілетін редакциялық өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге емес, керісінше, олардың сақталуын нақтылауға арналған.
С.Пономерев: «Таза Қазақстан» – Конституциядағы жаңа жауапкершілік өлшемі