Саясат • Кеше

Өнер ордаларының өрісі

47 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда ел дамуына қатыс­ты келелі ұсыныстарын жасады. Біріккен Парламент енді Құрылтай деп аталатын болды. Болашақ депутаттар саны да анықталды.

Өнер ордаларының өрісі

Сондай-ақ жаңадан Халық кеңесі құрылатын болды. Яғни ҚХА мен Ұлттық құрылтай бірігіп, жылына бір мәрте бас қосатын іргелі кеңесші орган ретінде жұмыс істемек.

Президент өз сөзінде Қызылорда өңі­рі­нің қарышты дамуына оң бағасын бер­ді. Біздің назарымызға өнер мен мәдениет мәселелері туралы айтқан сөздері түсті.

«Мемлекеттік саясаттың стратегия­лық бағдарының бірі – мәдениет пен өнер. Себебі қоғамның санасы жаңғырмаса, реформалар ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл – ақиқат. Сон­дықтан біз руханият мәселе­леріне айрықша мән береміз. Бұл салада бұрын-соңды болмаған ауқымды шаруа­лар қолға алынады. Атап айтқанда, Алматы облысында қазақ драма театры, Абай, Ақтөбе облыстарында театрлар бой көтереді. Шымкентте де опера және балет театрының құрылысы басталмақ.

Биыл Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ашылғанына 100 жыл толды. Осыған орай, театр ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысы аяқталмақ.

Наталья Сац атындағы орыс мем­ле­кеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры да жаңғыр­тылады. Бұдан бөлек, екі жылдың ішінде елімізде 100-ден астам мәдениет ошағы жөнделеді».

Музей ісін дамыту – маңызды міндеттің бірі екенін айтқан Президент Қызылордада ашылған жаңа тарихи-өлкетану музейін ерекше атап өттті.

«Мен күзде қалаға жұмыс сапарымен келгенде мұражайды аралап көрдім. Заман талабына сай салынған орта­лықта музей ісін ұйымдастырудың тың тәсілдері қолданылған. Бұл тәжірибені басқа облыстарға үлгі етуге болады.

Қызылордада жаңа драма театр салу жоспарымызда бар, биыл құ­ры­­­лысты бастауымыз керек. Өткен сапарым­да мен облыстың зиялы қауым өкіл­дері­мен кездескен кезде заманауи кітапхана салу керек деп айттым. Енді бұл құрылыс биылдан бастап жүргізіледі», деді Мемлекет басшысы.

Міне, рухани салада осындай жаңалықтар жүзеге асады. Рухы мықты елге айналсақ, басқа мәселелерді тез еңсеруге болады.

 

Нұртөре ЖҮСІП,

Сенат депутаты 

Соңғы жаңалықтар