Туризм • 27 Қаңтар, 2026

Қазақстан – Amazon Prime мен Euronews назарында: Туристік турлар саны 3 есе артты

21 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандағы қонақ үйлер мен мейрамханалар туристік бағыт ретінде елдің тартымдылығын арттыра отырып, халықаралық деңгейде жоғары бағаланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында «Kazakh Tourism» компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ғазизов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан – Amazon Prime мен Euronews назарында: Туристік турлар саны 3 есе артты
Талғат Ғазизовтың айтуынша, туристік өнімдердің географиясы мен түрлері айтарлықтай кеңейген.
«Бүгінде ТМД, Еуропа және Азияның 18 ірі онлайн-платформасында Қазақстан бойынша 1100-ден астам тур ұсынылуда. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда үш есе өсім. Биыл өңірлерге басымдық бере отырып, турлар санын одан ары арттыру міндеті қойылып отыр», деді Талғат Ғазизов.
 

Қазақстанның имиджін шетелде ілгерілету бойынша келесідей жұмыстар жүргізілді: 

  • Euronews Travel, Amazon Prime Video, Бірінші арна және Францияның M6 телеарнасында көрсетіліп, негізгі нысаналы нарықтарды қамтуды қамтамасыз етті;
  • Қазақстанның Қытайдың әлеуметтік желілеріндегі – Weibo, WeChat, Rednote платформаларындағы және әлемдік жетекші цифрлық алаңдардағы қатысуы тұрақты түрде дамып келеді;
  • Өткен жылы 12 елден келген 115 журналист, блогер және туроператордың қатысуымен 16 инфотур ұйымдастырылды.
Биылғы жоспар да ауқымды. Атап айтсақ, мәдени, этномәдени, спорттық, экологиялық және гастрономиялық бағыттағы іс-шараларды қамтитын бірыңғай іс-шаралар күнтізбесі қалыптастырылды. Барлық аймақтарды қамтитын 55 негізгі іс-шара таңдап алынды.
 
2026 жылы Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймс сияқты және тағыда басқа әлемдік жұлдыздардың қатысуымен ірі концерттік іс-шаралар өткізу жоспарланған.
Сонымен қатар фестиваль туризмін жобалау және ілгерілету бойынша арнайы штаб құрылды. Бұған қоса, Азия мен Таяу Шығыстағы мақсатты қалаларда, сондай-ақ Мумбай, Дубай, Шанхай, Сеул, Токио және Сингапурда 10 роуд-шоу өткізуді жоспарланған.
Соңғы жаңалықтар