АҚТАУ. 25 маусым. Маңғыстауда ағалы-інілі қос жігіт теңізге батып кетті. Бұл туралы 24.kz телеарнасына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қайғылы оқиға Каспийдің суға түсуге тыйым салынған аймағында болған. Ағайынды жігіттер бірін-бірі құтқарамын деп жүріп суға батып кеткен. Олардың бірі 17 жаста болса, екіншісі 21 жаста екен.
Құтқару қызметі інісін бірер сағаттан соң тапқан, ал ағасын 15 құтқарушы екі тәуліктен бері тынбай іздестіргенмен, табылмауда. Шомылу маусымы басталғалы 7 адам Каспийге батып кеткен. Алайда, оқиғалардың басым бөлігі қауіпті аймақтарда тіркелген.
«Ағынмен алып кетті деген болжаммен үлкен кеме мен гидроциклді теңізге шығарып, адамды іздеп жатырмыз. Бұл жер екі жағынан бағанамен қоршалған. Билборд пен тақтайшалар қойылған. Соған қарамастан, демалушылар осы жерге келіп суға шомылуда», – дейді Маңғыстау облыстық суда құтқару қызметінің басшысы Айбол Жұмашев. Сондықтан төтенше жағдайлар қызметкерлері суға түсу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 25 Маусым, 2015
Маңғыстауда ағалы-інілі қос жігіт теңізге батып кетті

Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:05
Мемлекет басшысы Мәскеу қаласына барды
Президент • Кеше
Президент Мәскеуге жұмыс сапарымен барады
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Астанадағы жалғыз соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді
Тағзым • Кеше
Ақмола облысында батырларға арналған музей ашылды
Мәдениет • Кеше