Президент • Кеше

Тоқаев: IT-компаниялар әлемдік нарыққа шығатын алаңға айналуы қажет

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент IT-кәсіпкерлер Ерзат Дулат пен Мұрат Әбдірахмановты қабылдады, деп жазады Egemen.kz.

Тоқаев: IT-компаниялар әлемдік нарыққа шығатын алаңға айналуы қажет

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Higgsfield AI стартапының техникалық директоры Ерзат Дулатпен және MA7 Ventures венчурлік платформасының негізін қалаушы Мұрат Әбдірахмановпен кездесіп, жасанды интеллектіні экономикаға, мемлекеттік басқару ісіне және әлеуметтік салаға жүйелі түрде енгізу, сондай-ақ IT-кәсіпкерлікті, венчурлік және AI-индустрияны дамыту мәселелерін талқылады.

Президент Higgsfield AI стартапының жетістігін жоғары бағалап, елімізде жасанды интеллект саласында жаһандық көшбасшы саналатын компанияның құрылуы зор табыс екенін айтты.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан IT саласындағы компаниялар тез арада іске қосылып, қарқынды түрде дамып, әлемдік нарыққа шығатын алаңға айналуы қажет. Бұл – негізгі міндет.

Ерзат Дулат Higgsfield командасының 95 пайызы Қазақстан азаматтарынан құралғанын, бұл жастардың әлеуетін танытатынын жеткізді. Сонымен қатар ол AI-индустрияға қажетті кадр даярлау және бірлескен білім беру бастамаларын жүзеге асыру ісінде мемлекетпен серіктес болуға дайын екенін растады.

Мұрат Әбдірахманов венчурлік индустрия мемлекеттердің технологиялық дамуының тетігі саналатынына тоқталды. Бұл орайда Қазақстанның жаһандық венчурлік индустрияның толық қатысушысы болуға мүмкіндігі зор.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізді. Жиында Президент Мемлекет қаржысын жымқырушылардың әрекеті еш ақылға сыймайтынын, әлеуметтік салада қалыптасқан қаржылық жағдайды ретке келтіру керек екенін айтты.

Сондай-ақ Қ.Тоқаев жиын соңында қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін Қаржылық мониторинг агенттігінің бір топ қызметкерін мемлекеттік наградамен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар