Аймақтар • 28 Қаңтар, 2026

Семейде тоғызқұмалақтан облыстық біріншілік қорытындыланды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Семейде ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан облыстық біріншілік өз мәрісіне жетті. Бұл зияткерлік әрі ұлттық спорт түрінен ұйымдастырылған жарысқа Семей қаласы және Аягөз, Көкпекті, Жарма, Бесқарағай, Абай аудандарынан келген спортшылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz

Семейде тоғызқұмалақтан облыстық біріншілік қорытындыланды

Төрт күнге созылған тартысты ойындарда қатысушылардың әрқайсысы өз шеберлігін көрсетіп, тактикалық ойлауды сарапқа салды. Турнирге барлығы 52 спортшы қатысып, жарыс 7 кезең бойынша ұйымдастырылды.

Облыстық біріншілік қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталып, марапаттау рәсімінде Абай облысы Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Жарқын Жұмаділов пен Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақыт Бекбосынов жеңімпаз бен жүлдегерлерге медальдар мен дипломдар табыс етті.

П

Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Жарқын Жұмаділов облыста тоғызқұмалақтың қарқынды дамып келе жатқанын айта келе,спортшылар мен бапкерлерге алғысын жеткізді.

«Жуырда «Абайдың зияткерлік ізімен» атты тоғызқұмалақ үйірмесінің ашылуы –өңірімізде ұлттық ойындарды дамыту бағытындағы маңызды қадам. Тоғызқұмалақ –халқымыздың сан ғасырлық дәстүрлі зияткерлік ойыны, хакім Абайдың да сүйікті ойындарының бірі. Сондықтан оны облыстакеңінен дамытып, жастар арасында насихаттау заңды әрі маңызды құбылыс деп санаймыз.Ойыншыларымыз алдағы уақытта халықаралық және республикалық деңгейдегі байқауларда өз шеберліктерін дәлелдеп, жақсы нәтижелерге қол жеткізетініне сенеміз. Осы бағытта жұмыс істеп жатқан бапкерлерге және қатысушыларға алғыс білдіремін», деді Ж.Жұмаділов.

Расында, тоғызқұмалақ – тек ойын емес, стратегиялық ойлау мен зияткерлікті шыңдайтын жарыс. Осы ретте аталған турнир облыс спортының дамуына серпін беріп, талантты спортшылардың республикалық және халықаралық ареналарға жол ашуына мүмкіндік берері сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар