Республикалық жарысқа еліміздің барлық өңірінен 2011 жылы туған және одан кіші жастағы 200-ден астам жас спортшы қатысуда.
Чемпионатқа барлығы 18 команда жиналып, өзара мықтыны анықтайды. Үстел теннисінен ел біріншілігі 27 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді.
Үстел теннисінен әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары кімдер?
Спорттық шараның ашылу салтанатына Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
«Іс-шараның дәл біздің өңірде өтуі – біз үшін үлкен жетістік. Былтыр облыс орталығында заманауи спорт кешені пайдалануға берілді. Осындай ауқымды жарыстарды жаңа инфрақұрылымда өткізу болашақ спортшылардың шеберлігін шыңдауға, спортты дамытуға серпін береді. Үстел теннисінен өтіп жатқан бұл чемпионаттың басты мақсаты – жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту, дарынды спортшыларды анықтау және олардың кәсіби деңгейде өсуіне жол ашу», деді Ұлытау облысы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Марат Айдашев.
Республикалық чемпионат жас спортшылар үшін тәжірибе алмасу алаңына айналып, еліміздегі үстел теннисінің дамуына үлес қосады.
Александр Бублик әлемдегі ең үздік 10 теннисшінің қатарына енді