Фото: atr.kz
Кездесу барысында тараптар мұнай-газ саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Келіссөздер кезінде Теңіз жобасына ерекше назар аударылды.
Өз кезегінде Дерек Магнесс Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың арқасында Теңіз жобасы бойынша маңызды өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап өтті. «Шеврон» өкілі реттеуші ортаның болжамдылығын және мемлекеттік органдармен конструктивті іс-қимылды ерекше атап өтіп, бұл ұзақмерзімді инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасайтынын жеткізді.

Сонымен қатар Роман Скляр Теңіз кенішінде өндірістің уақытша тоқтап қалуына себеп болған оқиғаларға байланысты алаңдаушылық білдірді.
Теңіз кенішіндегі өрт: Министр өндіріс қашан қайта жанданатынын айтты
«Шеврон» басшылығы оқиғалардың салдарын жою және мұнай өндіруді кезең-кезеңімен арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті. Сондай-ақ «Шеврон» басшылығы болашақта мұндай жағдайларға жол бермеу және нысандардың сенімді әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша нақты іс-қимылдар жасалатынына сенім білдірді.
Бұдан бөлек, кездесуде геологиялық барлау жұмыстарын дамыту мәселелері талқыланды. «Шеврон» компаниясы бірқатар геологиялық барлау жобасына қызығушылық танытатынын мәлімдеді.
Кездесу соңында тараптар ұзақмерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты одан ары дамытуға бейілділіктерін, сондай-ақ өзара іс-қимылдың барлық бағыты бойынша сындарлы диалогке дайын екенін жеткізді.
Айта кетейік, Теңіз кенішінде өндірістің уақытша тоқтауы «қара алтын» бағасының қымбаттауына әсер етті.