Білім • 29 Қаңтар, 2026

Қос дипломды жоба: АҚШ-та оқыған 29 студент елге оралды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шетелдік жоғары оқу орнымен бірлесіп қос дипломды бағдарламалар бойынша оқитын алғашқы студенттер АҚШ-тағы оқу семестрін аяқтап, Қазақстанға оралды. Президенттің елімізде жетекші шетелдік ЖОО филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасын іске асыруды бастаған алғашқы отандық ЖОО Қозыбаев университеті болды. Стратегиялық серіктесі – Аризона университеті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қос дипломды жоба: АҚШ-та оқыған 29 студент елге оралды

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Бүгінде 5 қос дипломды және 11 бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан, АҚШ, Ресей, Қытай және басқа да елдерден шамамен 1200 студент білім алады. Қос диплом бағдарламасының студенттері гранттар арқылы (Қазақстан студенттері үшін) толық ағылшын тілінде оқиды. Оқу бағдарламасына сәйкес бір семестр Тусон қаласындағы Аризона университетінің негізгі кампусында өткізіледі.

Шетелдік ЖОО-лардың филиалдар картасы ұсынылды

Биыл 29 төртінші курс студенттері АҚШ-тағы оқудан өтті. Студенттер білім беру бағдарламаларына сәйкес екі топқа бөлінді: 20 адам IT бағыты («Басқарудағы ақпараттық жүйелер») бойынша, қалғандары «Биотехнология» бағдарламасы бойынша оқыды. Білім беру үдерісіне байланысты барлық оқу шығындары Қозыбаев университетінің есебінен қамтылды.

2025 жылы елімізге шетелден 35 мың студент келген

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, сабақтан тыс уақытта студенттер мұражайлар мен ғылыми-зерттеу кешендеріне экскурсияларға, аймақ бойынша мәдени сапарларға барып, Аризона университетінің кампусында мәдени және спорттық іс-шараларға қатысты. Сонымен қатар студенттер ғылыми жобаларға тартылды, олар кейінгі дипломдық жұмыстардың негізіне айналды.

«Мен үшін академиялық сапар тек жарқын әрі жағымды әсер қалдырды. Жаңа білім беру жүйесіне, мәдениетке және тілдік ортаға бейімделуге тура келді. Мені зертханалық сабақтар, оқудан тыс саяхаттар қызықтырды. Ал практикалық сабақтар құнды тәжірибе берді. Әртүрлі мәдениет өкілдерімен араласу арқылы жаңа достар таптым. Жаңа тәжірибелерге ашық болу керек. Бұл жалпы оқудан барынша пайда алуға көмектеседі деген қорытындыға келдім», деп бөлісті студент Асель Сағандық.

Барлық 29 студент белгіленген мерзімде Аризона университетінде сессияны жақсы академиялық көрсеткіштермен аяқтап, жоғары дайындық деңгейін айғақтады.

Алдағы үш жылда елімізде білім алатын шетел студенттерінің саны күрт көбейеді

Соңғы жаңалықтар