Президент • Бүгін, 12:44

Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі. Президент өз сөзінде ерікті болу – Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен жиналғандарды Волонтерлер форумының ашылуымен құттықтады.

«Бұл – шын мәнінде ерекше басқосу. Бәріңіз де бүгінгі форумға еліміздің әр аймағынан келіп жатсыздар. Мен Сіздерді қоғам игілігі үшін қызмет етіп жүрген Қазақстанның нағыз отаншыл, жасампаз және қамқор жастары деп санаймын. Биыл бүкіл әлем Халықаралық еріктілер жылын атап өтуде. Өздеріңіз білесіздер, бұл бастаманы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының 75-ші сессиясында көтердім. Еліміздің ұсынысы жаһандық ауқымда қолдау тапты. Біз өркениетті ел ретінде күллі адамзатқа ортақ құндылықтарды дәріптейміз, оны келешек ұрпаққа аманат етеміз.

Ерікті болу – игі істер жасау, жақсылық істеп, басқаға үлгі көрсету, Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу деген сөз.

Ниеті түзу, жаны таза адамдар осы жолды таңдайды, еріктілер қатарына қосылып, қажырлы еңбек етеді.
Еріктілерді озық ойлы қоғамның айнасы деп айтсақ, артық болмайды», деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, бүгін Президент Испания Королі VI Фелипені туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады.

Соңғы жаңалықтар