Фото: Ақорда
Президенттің айтуынша, әлемдегі түрлі қақтығыстар мен шиеленістер ушығып, болашақты болжау қиынға соғып отыр.
«Соған қарамастан еліміз өсіп-өркендеп келеді. Біз табанды еңбектің арқасында барлық мақсат-мұратымызға жетеміз. Кез келген сын-қатерге төтеп береміз. Өскелең ұрпақтың көзі ашық, көкірегі ояу, ұқыпты, тәртіпті, жинақы болғаны, жақсы мен жаманды айыра білгені айрықша маңызды.
Тағы да атап өткім келеді: мен халқымыздың, әсіресе, жас буынның күш-жігеріне, жасампаз рухына сенемін.
Қазақстан – біздің жалғыз Отанымыз, бәріміздің қастерлі мекеніміз. Елімізді ешкім сырттан келіп көркейтіп бермейді. Қазақстанның мықты, қуатты, озық болғаны тек бізге ғана керек.
Сүйікті Отанымызды көркейту, яғни Заң мен тәртіп үстемдік құрған, Әділетті, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру – баршамызға ортақ міндет. Осы міндетті орындау үшін бәріміз бір қоғам болып еңбек етейік, достар!», деді Мемлекет басшысы.
Форумда сондай-ақ Мәжіліс депутаты, «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің жетекшісі Вера Ким, «Медицина жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абылайхан Әбдіраш, Dosco қоғамдық қорының директоры Айнұр Аймұрзина, эковолонтер Бауыржан Жақыпов, тарихи-мәдени мұралар саласындағы волонтер Андрей Лутошкин, Халықаралық волонтерлер жылының Еуропа мен Орталық Азия бойынша аймақтық үйлестірушісі, БҰҰ-дағы қазақстандық ерікті Зарина Мирабдуллаева сөз сөйледі.
Мемлекет басшысы: Конституцияға қандай да бір өзгерістер тек референдум арқылы ғана енгізілуі керек