Келіссөздің негізгі мақсаты – Өскемен мен Үрімші қалалары арасында тікелей әуе рейсін ашу мүмкіндігін қарастыру.
«Аталған бастама өңірдің көлік-логистикалық қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып саналады. Тікелей әуе қатынасының іске қосылуы Шығыс Қазақстанның туристік әлеуетін арттырып, трансшекаралық туризмді дамытуға серпін береді. Сонымен қатар, іскерлік байланыстарды кеңейтіп, инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға жол ашады», делінген «Ертіс» ӘКК» АҚ хабарламасында.
Сала мамандарының айтуынша, жаңа әуе бағыты экспортқа бағытталған өңір кәсіпорындары үшін логистикалық шығындарды азайтып, жеткізу мерзімін оңтайландыруға және жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік береді.