Жемқорлық • 30 Қаңтар, 2026

Шығыс Қазақстанда екі ведомствоның лауазымды тұлғалары жемқорлықпен ұсталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы пара алды және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстанда екі ведомствоның лауазымды тұлғалары жемқорлықпен ұсталды

фото: egov.kz

Ведомствоның баспасөз қызметі ұсынған мәліметке жүгінсек, күдікті жол құрылысы компанияларының және автобус парктерінің өкілдерінен 134 млн теңге сомасында заңсыз сыйақы алған. Тінту барысында оның үйінен 121,9 млн теңге және 97,7 мың АҚШ доллары табылып, тәркіленді.

«Сондай-ақ, ШҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол мұғалімдердің мемлекеттік аттестаттаудан өтуіне жәрдемдескені үшін жүйелі түрде ақшалай қаражат алған», деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Сот санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Президент: Жемқорлыққа бейім адам ешқашан патриот бола алмайды

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ШҚО әкімдігі жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасын басқарған Данияр Уахитов өз өтінішімен бойынша қызметінен босатылғанын мәлім еткен.

Бұл шешім облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында қабылданған.

Соңғы жаңалықтар