фото: gov.kz
Іс-шараны Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті және Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы бірлесіп ұйымдастырды. Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, зияткерлік меншік саласының мамандары, кітапханашылар, еліміздегі көпшілік кітапхана өкілдері (онлайн форматта) қатысты.
Шараның басты мақсаты – электрондық кітапханаларды қалыптастыру және дамыту барысында авторлық құқық талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ қолданыстағы заңнамадағы өзгерістерді түсіндіру болды.
Қазақстанда авторлық құқықты қорғаудың бірыңғай платформасы қашан іске қосылады?
Шараның модераторы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары Кәкен Гүлнара Қаратайқызы авторлық құқық мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістерге шолу жасап, электрондық контентті заңды пайдалану тетіктерін түсіндірді.
Ұлттық академиялық кітапхананың басшысы Күміс Сейітова электронды кітапханаларды қалыптастыру құқықтық мәдениетті талап ететін күрделі әрі жауапты үдеріс екенін баса айтып, кітапханадағы электронды қордың жұмысына тоқталды. Ал, Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің бас сарапшысы Ботагөз Сатжанова өз баяндамасында Марракеш шартының маңызын және зағиптар мен көру қабілеті бұзылған, сондай-ақ баспа ақпаратын қабылдау мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жария етілген туындыларға қолжетімділігін жеңілдету тетіктерін атап өтті.