Елорда • Кеше

Елордада оқушылар арасында әдеби байқау өтті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы №13 «Creative centre» қалалық кітапханасында «Қазақстан әдебиетіндегі таңдаулы 100 кітапты бірге оқиық» бағдарламасы аясында мектеп оқушыларына арналған қалалық байқау өтті, деп жазады Egemen.kz

Елордада оқушылар арасында әдеби байқау өтті

Байқауға елордалық мектептерден 100-ге жуық оқушы қатысып, қазақ әдебиетінің классикалық туындыларын оқып, мазмұнын талдап, шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақ арасында оқырман мәдениетін қалыптастырып, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара аясында оқушылар Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі», Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер», Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Софы Сыматаевтың «Елім-ай» шығармаларын оқып, бойына білім мен рухани құндылықтарды сіңіруге мүмкіндік алған. 

Байқау барысында оқушылардың шығармашылық ізденісі, мәтінді түсіну деңгейі, кітапқа деген танымдық көзқарасы қазылар алқасының  бағалауы бойынша анықталып, белсенді қатысушылар мен үздік шыққан оқушылар марапатталды. Астана қаласында кітап оқу мәдениетін дамытуға, жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын арттыруға және рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Соңғы жаңалықтар