Фото: Depositphotos.com
«Екінші атом электр станциясы» ядролық қондырғысын (бұдан әрі – ядролық қондырғы) салу және Алматы облысының Жамбыл ауданы – ядролық қондырғы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын», делінген құжатта.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Алматы облысында екінші АЭС салынатын аудан бойынша ашық тыңдау өтті
Естеріңізге салсақ, 2025 жылдың тамыз айында Алматы облысы, Үлкен ауылының маңында Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салуға ресми түрде бастама берілген еді.