Еkaraganda ақпараттық порталының мәліметінше, матч өткен сенбі күнге белгіленген еді. Әуесқой хоккей лигасының ойыны барысында хоккейшінің жағдайы кенеттен нашарлаған.
«Ол 46 жаста еді, мұз алаңына сәлемдесу үшін шыққан, бірақ кенеттен екі тізесіне құлап, есінен танып қалды. Жағдайы нашарлады. Оқиға орнына жедел-жәрдем келіп, ойыншыны аман алып қалуға тырысты. Алайда, оның қайтыс болғаны анықталды», делінген хабарлмада.